20 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №422

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 8 маусым, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 маусымдағы №422 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылғы 29 желтоқсандағы №1784 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №8, 171-құжат). 2. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылғы 18 ақпандағы №146 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №16, 286-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі №706 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 603-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 12-тармағы.